in

Айтұлы атындағы ақындар бәйгесі өтті

Марапаттау кеші елордада, Ер­кеғали Рахмадиев атындағы мем­лекеттік академиялық филар­мо­ниясында өткізілді. Іс-шараға та­­нымал ақын-жазушылар, әде­биет зерттеушілері, жас қалам­гер­лер мен әдеби қауым өкілдері қа­­­­­тысты. Ақын Ұларбек Нұрғалым мен Наурызбек Сарша I орынды ие­ленсе, Елена Әбдіхалықова, Бауыр­жан Игілік пен Мирас Асан II орынды, Қабиден Қуаныш­бай­ұлы, Ахат Расул, Ғылымнұр Кә­дірбай мен Әсел Оспан III орынды қанжығаға байлады. 

Ал бас жүлдені «Абай» атын­да­ғы мемлекеттік сыйлықтың лау­реа­ты Серік Ақсұңқар мен та­лантты ақын Мұрат Шаймаран ие­ленді. Сонымен қатар Думан Бә­зілжан, Ерлан Аманқожа, Ма­ғиза Құна­пия­қызы, Қуаныш Ос­пан, Қызыр­бек Дүргінбайұлы мен Азамат Әбілқайыр ынталандыру сый­лы­ғын алды. Жеңімпаздарға қар­жы­лай сыйлықтар мен диплом табыс етілді. 

А.ЖӘНІБЕКҚЫЗЫ