in

Жәния Бекмұхамбетова Сауд Арабиясындағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Сауд Арабиясының Даммам қаласында өткен халықаралық WTT Youth Contender турнирінде үздік атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол U13 жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Жәния осы турнирде алты матч өткізіп, олардың барлығында да жеңіске жетті.