Атырау қаласы Бейбарыс даңғылы бойындағы базарлардың бірінде киім бутиктерінің аумағында өрт шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрттің шыққаны жайында хабарлама түскен сәтте Төтенше жағдайлар қызметі жіберілген. Олардың алғашқы бөлімшелері келгенде, контейнер түріндегі бутиктер отқа оранған. Жалынның көршілес сауда нүктелеріне де таралу қаупі туындады.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында өрттің көршілес сауда орындарына таралуынан сақтады. Олар аз уақыттың ішінде 500 ш.м. алаңдағы отты өшірді. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, төрт жауынгерлік учаске ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
