in

18 жастағы Шерхан Қалмырза жаңа клубтан шақырту алды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаға «Тараз» клубы қызығушылық танытып жатыр, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Біз Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып отырмыз. Ертең ұсыныс жасап, келіссөздерді бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы», – деп жазды Дидар Сыдықбек өзінің Telegram арнасында.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза «Реал Мадрид» клубына қарсы алаңға шыққан болатын. Ойын барысында қақпаға 5 гол өткізгеніне қарамастан, жанкүйерлердің көзайымына айналды.