ҚазАвтоЖол Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Бүгін, 1 қаңтар сағат 19:20-дан бастап Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына (бұрқасын,қалың тұман,көрінудің шектеуі) республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, жаңа Қордай перевалы» автожолының 159-238 шақырым аралығында (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады», – делінген хабарламада.
Қозғалыс ескі Қордай перевалы арқылы болады.
Жолды 2026 жылғы 2 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
