in

Джеки Чан командасымен Ақтауға келді (видео)

Әлеуметтік желіде Джеки Чан командасымен Ақтауға келгені туралы видео пайда болды. Облыс әкімдігі Lada.kz сайтына әлемдік жұлдыздың келу себебін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бейнежазбада  қаладағы қонақ үйлердің бірінде бірнеше адам тұрғаны байқалады.

Маңғыстау облыстық әкімдігі редакцияға әлемдік жұлдыздың командасы келгенін растады.

“Делегация құрамында шамамен 15-20 адам бар. Локация  тізімі әлі анықталған жоқ. Бозжыра, жағалау және басқа да ең үздік орындар қарастырылып жатыр”, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.