Фристайл-акробатикадан әлем кубогінің алтыншы кезеңінен кейін, алдағы Олимпиадада Қазақстан атынан өнер көрсететін ұлттық құрама спортшылары анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, тізімге Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас енді.
Қазір Қазақстан төмендегі спорт түрлерінен лицензияға ие:
Биатлон – Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева, Айша Рақышева
Конькимен жүгіру – Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко
Шорт-трек – Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан
Мәнерлеп сырғанау – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
