in

Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаты

Мемлекет бас­шысы елімізде ауқымды өз­герістер жасалып жатқанын және алды­мызда Конституциялық ре­форма жүргізу, мүл­де жаңа саяси жүйеге қа­дам басу міндеті тұрғанын айтты. Сонымен қатар жаңа дәуірде барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұ­мысымен белсенді түрде айн­алысу қажет екенін атап өтті.

– Қоғамымызға, жалпы елімізге заң үстемдігі, тәр­тіп мықтылығы ауа­дай қажет. Кейбір шет­ел­дер­де болып жат­қан қазіргі өте күрделі ахуалды кө­ріп, бұл саясатымыздың дұрыс­ты­ғына бәрі­міз­дің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саяса­ты­мыздың не­гізгі қағидаты ретінде қа­был­­дануы ке­рек, бұл қ­ағидатты жаңа Конс­­ти­ту­ция­мызға міндетті түр­де енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл еш­қа­шан өзек­тілігін жоғалтпайтын, өміршең қа­ғи­­дат екені даусыз. Бас прокура­ту­ра­ның осы са­ла­дағы рөлі аса маңызды. Про­куратура қызметкері­нің заңның бұ­зылуына бейтарап, селқос қарауға құ­қы­ғы жоқ, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қор­ғау жүйе­сін цифрландыру үдерісі бір­кел­кі емес, яғни әр жер­де әрқалай жүр­­гізіліп жат­қанына назар аударды.

– Әр мекеме цифрлық жүйесін өз бе­ті­мен дамытуда. Бұл шаруа жүйесіз жүр­гі­зіліп жатыр. Біртұтас жүйе жоқ. Мысалы, кейбір органдар цифрлық тәсіл­дерді ұтым­ды қолданып жұмыс іс­теуде. Ал кей­бірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, на­ғыз жымқыру. Сондықтан қаражатты орынсыз жұмсап, жаңа дүние жасау­дың қажеті жоқ. Үкіметке қолда­ныс­тағы барлық цифрлық ше­шімдерді са­ралап, тексеріп, олардың тиімді­лі­гін арттыруды тапсырамын. Күштік құ­рылым­дарға арналған түсінікті құры­лы­мы бар және тех­нологиялық стан­дарттары біркелкі бірыңғай цифрлық экожүйе жасалуға тиіс, – деді Мем­лекет басшысы.

Президент азаматтардың дербес де­рек­терін қор­ғау қажет екенін айтты.

– Ақпараттық кеңістікте аза­мат­тар­дың дербес деректері жарияланып кет­ке­ні туралы хабар жиі шығып ж­а­та­ды. Дербес деректерді барынша қорғау үшін бұл жұмыспен жүйелі түр­де ай­на­лы­су керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы киберқыл­мыс­пен күрес мәселесіне тоқталды.

– Әлемде киберқылмыс өршіп бара­ды. Жыл сайын мыңдаған азама­ты­мыз соның құрбаны бо­лып жатыр. Қа­зір интернеттегі алаяқтық қыл­мыс­тардың бес­тен бірі ғана ашылады. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Кибер­қыл­мыспен кү­рес тәсіл­дерін түбегейлі қай­та қарау қа­жет. Цифр­лық қа­тер­ге тө­теп беру үшін құқық қорғау орган­дары бір қадам алда жүруге тиіс. Озық ойлап, артта қал­маудың амалын табу қажет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев көші-қон үде­рістерін жап­пай цифрландыруды өте өзекті мәселе ре­тінде атады.

– Көші-қон үдерістерін жаппай циф­р­ландыру керек. Бұл – өте өзекті мәселе. Баяғыдан бері тал­қылап жа­тыр­мыз, дұрыс, оң нәтиже аз. Қазір әлем­­де күрде­лі ахуал қалыптасып отыр. Дүние­жүзінде кең ау­қым­ды кө­ші-қон жүріп жатыр десек, қате бол­­май­ды. Қоныс аударғысы келетін шет­елдіктер үшін Қазақстан – басқа елдерге өтуге де, тұрақтап қалуға да қолайлы мем­лекет. Ел­ге келген шетел азаматтарын уақ­ытылы есепке алып, олар­дың жүріс-тұры­сын бақылайтын тех­никалық құрал­дарды жетілдіру – аса маңыз­ды мін­дет. Үкіметке Ұлттық қауіп­сіздік комитетімен бірлесіп, осы жұмыс­ты тездетуді тапсыра­мын, – деді Мемле­кет басшысы.

Президент әлеуметтік желіде ақпа­рат таратуда заң талаптары ескерілуі қа­жет екенін айтты.

– Технологияның қарқынды дамуы ақ­параттық кеңіс­тіктің түбегейлі транс­формациясына жол аша­ды. Қоғамды жік­ке бөліп, азаматтарды бір-біріне қар­сы қоятын деструктивті ақпарат тара­туға бейіл адамдар да бар. Мұның бә­рі өш­пен­ділік­ке бастайтын ешкімге қа­жетсіз, тіпті қауіпті пі­кірталасқа жал­ғасады. Жасанды интеллектіні осын­­дай адамдар ақпараттық қаруға ай­налдырып, заңға қай­шы келетін кон­тенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге бол­майды. Ондай әре­­кеттерге құқықтық баға беріп, жауап­кершілікке тарту қажет. Азамат­тар­ға деструктивті контентті тара­ту­дың құқықтық салдары жөнінде үнемі тү­сін­діру жұмыстарын жүргізген жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы тәртіпсіздік пен заңсыз­дыққа жол беруге бол­майты­нын атап өтті.

– Ұлттық құрылтай отырысында мен отан­шыл­дық ұғымы туралы пі­кірім­ді айттым. Отан­шылдық, бұл жай ұран емес, отаншылдық деге­німіз – қа­сиетті се­зім, мұның әсіреұлтшыл­дық­қа еш қа­ты­сы жоқ. Қазақстанда біз отаншылдық ұғы­­мына жауапкер­ші­лік және жасам­паздық тұр­ғы­сынан қарауымыз керек, яғни отаншыл аза­мат ең алдымен жауап­кершілігі жо­ғары және жасам­паз азамат болуға тиіс. Отанға деген сүйіспеншілік саяси ұпай жинау немесе қызметтік ман­сап жасау емес, бұл – Отаныңа жақсылық жасау, еліңе пай­да әкелу деген сөз, – деді Президент.

Сонымен қатар жиында Бас про­курор Берік Асылов, Премьер-ми­нистр­дің орын­­басары – Жа­санды ин­теллект және цифрлық даму ми­нистрі Жаслан Мәдиев, Президенттің көмекшісі Қуанышбек Есе­кеев, Ішкі істер министрі Ержан Сә­денов сөз сөй­леді.