in

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Испанияға аттанды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркістан облысында өткен оқу-жаттығу жиынынан кейін Испанияның Бенидорм қаласына аттанды. Мұнда команда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізеді , – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиын 2 ақпанға дейін жалғасады. Одан кейін қазақстандық боксшылар халықаралық турнирге қатысады. Турнир 3-8 ақпан аралығында Ла-Нуссия қаласында өтеді.

ҚР ҰОК оқу-жаттығу жиынына және аталған турнирге қатысатын спортшылардың тізімі н жариялады :

50 келі: Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров

55 келі: Махмұд Сабырхан, Бексұлтан Боранбек

60 келі: Серік Теміржанов, Дәулет Молдашев

65 келі: Санатәлі Төлтаев

70 келі: Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мұрсал

75 келі: Тимур Нұрсейітов, Аман Қонысбеков

80 келі: Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас

85 келі: Нұрбек Оралбай

90 келі: Сағындық Тоғамбай, Оңталап Рахманов

90 келіден жоғары: Айбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.