in

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне құттықтау жолдады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.