Аталған жарыста Жетісу университетінің студенттері волейбол (ұлдар құрамасы), футзал (қыздар құрамасы), шахмат және тоғызқұмалақ бойынша бақ сынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Турнирдің негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол және футзал спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ жоғары оқу орындары студенттері арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс қорытындысы бойынша, Жетісу университеті жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді. Атап айтқанда: волейболдан (ұлдар) – 1-орын, футзалдан (қыздар) – 1-орын, шахматтан – 2-орын, тоғызқұмалақтан – 3-орын.
Турнир студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық және достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
