Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, оның ішінде алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 15-22 ақпан аралығында ел аумағында “Тұрмыс” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері:
– тұрмыста құқықбұзушылық жасауға бейім адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді;
– қолайсыз отбасылармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді;
– құқықтық ықпал ету шараларын қабылдайды;
– құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды;
– зардап шеккендерді қорғауды және қолдауды қамтамасыз етеді.
Үкіметтік емес ұйымдармен және дағдарыс орталықтарымен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
– Құрметті азаматтар! Біз сіздерді зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға шақырамыз. Егер сіз көршілеріңіздің арасында, таныстарыңыз бен туыс арасында немесе көшеде кездейсоқ заңсыз әрекеттерге куә болсаңыз бейжай қалдырмаңыз. Кейде бір ғана уақытылы қоңырау шалу немесе қарапайым ғана әрекет ету біреудің өмірін сақтап, бір баланы үрейден қорғай алады. Біз зорлық-зомбылыққа төзбеушілік таныту арқылы ғана қауіпсіз және әділ қоғам құра аламыз, – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Ақмарал Серікбаева.
