«AMANAT» партиясының «Жастарға жұмыс» жобасы аясында ұйымдастырылатын Job Fair бос жұмыс орындары жәрмеңкесі еліміздегі жастарға жұмысқа орналасып, еңбек жолын бастауға көмектеседі. Осы жоба арқылы жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі – Тараздағы №2 қалалық емхана жедел жәрдем стансасының фельдшері Мәди Дәулетұлы, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мәди Дәулетұлы – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің түлегі. Емдеу ісі фельдшері мамандығын тәмамдаған соң, «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, арнайы мамандардан кеңес алып, жұмысқа орналасқан.
«Маған өз жұмысым ұнайды. Сіздерді де «қай жерде жұмыс істеймін?», «қандай жұмыс істеймін?» деген ой мазалап жүрсе, «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға кеңес беремін», – дейді жас маман.
