in

Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Әміріне құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады. 

Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.