in

“Аллаға шүкір”: Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира Қазақстанға келді, – деп жазды Aikyn.kz.

Отбасымен шетелге демалысқа барған әнші бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты елге жете алмай отырғанын айтқан еді. Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасымен елге жеткенін айтты.

“Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Дубай – Маскат – Ыстамбұл – Астана. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әр кез тілекші болып, уайымдап хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын”, – деп жазды Жазира Байырбекова. 

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, тілегін жазып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.