in

Абай облысының бүркітшісі әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысып, өз шеберліктерін сынға салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады. Солардың қатарында облысымыздың тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы:

1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)

2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)

3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия)

Айта кетейік, құсбегіліктен I әлем чемпионаты 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында ұйымдастырылған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.