12 наурызда Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының алты спортшысы бақ сынайды. Құрама сапына Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов, Роман Маменов, Нұртан Ыдырысов, Амели Мукушева және Амина Халимарден енді.
ҚР ҰОК мәліметінше, турнир 15 наурызда аяқталады.
Еске салайық, бұған дейін Әзербайжанның Баку қаласында өткен алдыңғы кезеңде Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алған еді. Милад Карими еркін және кермедегі жаттығуда екінші орын алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
