in

"Наурыз" ипотекалық бағдарламасы: "Отбасы банк" 16 мың қазақстандыққа жағымды жаңалықты жария етті

Бүгін, 6 сәуірде "Наурыз-2026" ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды "Отбасы" банкке сілтеме жасаған astana24.com.

"Отбасы банктің" мәліметінше, бүгін банктің 16 мың салымшысы көптен күткен жаңалықты естіген. Олар "Наурыз 2026" бағдарламасына қатысушылардың тізіміне енген.

Жалпы 26 822 өтініш қабылданған.

Енді "Наурыз 2026" бағдарламасына қатысушылар тізіміне енген қазақстандықтар 6 сәуір мен 12 мамыр аралығында (қоса алғанда) "Отбасы банкке" несие бойынша өтінім беруі қажет.

Егер олардың несиесі мақұлданса, 6 ай ішінде өздеріне баспана тауып, сатып алу мүмкіндігі беріледі.

"Наурыз" бағдарламасының қатысушылары – еліміздің жастары. Олардың орташа жасы – 32. Көбінің тұрақты табысы бар, алайда баспана мәселесі әлі шешілмеген. Қатысушылардың басым бөлігі – отбасылы, балалары бар азаматтар. Мысалы, шамамен 16 000 қатысушының 9 296-сының баласы бар, ал 7 569-ы некеде тұр.

Сонымен қатар бағдарлама қатысушыларының жартысынан көбі, яғни 8 690 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың ішінде 2 689 азамат халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады. Қазіргі таңда олардың шоттарында кемінде 2 млн теңге жинақталған. "Наурыз" бағдарламасы арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар жылдық 7 пайыз мөлшерлемемен несие алып, өз баспанасын сатып ала алады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ "Отбасы банк" "Наурыз" бағдарламасының шарттарын тағы да еске салды.

Бастапқы және екінші нарықтағы тұрғын үйді де сатып алуға болады.

Несие сомасының ең жоғары мөлшері: