Иран Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Хоссейн Керманпур әлеуметтік желіде АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған соққысынан жеті баланың қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana24.com.
Соққы өткен түнде жасалған. Керманпурдың айтуынша, қаза тапқан балалар 10 жасқа да толмаған.
"Өткен түні америкалық әскери ұшақтар Тегеранға соққы жасады. 10 жасқа толмаған жеті бала қаза тапты, олардың бірі бір жасқа да толмаған, оның кім екенін әрең анықтадық. Трамп Иранды "тас дәуіріне" қайтаратынын айтты. Егер "қазіргі өркениет" осындай болса, онда мен тас дәуірінде өмір сүргенді жөн көремін", – деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) 6 сәуірде таңертең АҚШ пен Израильдің шабуылы салдарынан ИРСК барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми қаза тапқанын мәлімдеген еді.
