АҚШ президенті Дональд Трамп TruthSocial әлеуметтік желісінде Иранда атып түсірілген америкалық ұшақтың ұшқыштары құтқарылғанын мәлімдеді. Бұған дейін БАҚ тек бір ұшқыштың құтқарылғанын жазған еді, деп хабарлайды astana24.com.
Трамптың хабарлауынша, екі ұшқыш та аман. Олар бөлек-бөлек құтқарылған.
Сондай-ақ ол екінші құтқару операциясына қауіп төндірмеу үшін бірінші ұшқыштың құтқарылғаны біраз уақытқа дейін расталмағанын атап өтті.
"Менің нұсқауым бойынша АҚШ Қарулы Күштері оны эвакуациялау үшін әлемдегі ең қуатты қару-жарақпен жабдықталған ондаған ұшақты жіберді. Ол жарақат алды, бірақ ода бәрі жақсы болады. Бұл тамаша іздеу-құтқару операциясы кеше тағы бір батыл ұшқышты сәтті құтқару операциясынан кейін өтті", – деп мәлімдеді Трамп.
Ақ үй басшысы операция кезінде адам шығыны болмағанын айтты.
"Біз ешқашан америкалық әскери қызметшіні шайқас алаңында қалдырмаймыз", – деді АҚШ президенті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иранда америкалық бомбалаушы ұшақтың атып түсірілгенін жазған едік.
БАҚ-та бір ұшқыштың тұтқынға алынғаны туралы ақпарат тарады. Ал америкалық БАҚ олардың бірі құтқарылғанын жазды.
Сонымен қатар Иранда экипаш мүшелерін тірідей тапқандарға сыйақы тағайындалды.
