in

Тоқаев "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды

Ғалымдармен кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды astana24.com Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгінгі салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді.

Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғаның мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше.

Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы.

Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы "Әл-Фараби" орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі.

"Мейірім", "Қожа Ахмет Ясауи", "Әл-Фараби" ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады", – дейді президент.