in

Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионатының алтын медалін иеленді

Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының алтын медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған astana24.com.

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесі өтіп жатыр.

75 келіде өнер көрсеткен Сабыржан Аққалықов ақтық сында Өзбекстан спортшысы Жавохир Абдурахимовпен жолыққан.

Сабыржан алғашқы минутта-ақ техникалық шеберлігін көрсетіп, қарсыласын толықтай бақылауға алған. Нәтижесінде ол 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов 60 келіде Азия чемпионы атанған еді.

Сондай-ақ Төрехан Сабырхан күміс жүлдеге ие болғанын жазған едік.