in

"Өтемейінше тыныштық таппаймын": Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы кредиттері туралы айтты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова мәжіліс кулурарында банктен несие алатынын айтты, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Журналистер Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымовадан несие алатынын-алмайтынын сұрады.

"Несие алғанмын. Тұтынушы ретінде менде де бар. Банктердегі цифрландыру деңгейі өте жоғары деп ойлаймын. Мен банктердің мобильді қосымшаларының әртүрлі қызметін қолданамын", – деді Мадина Әбілқасымова.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысының айтуынша, ол өзін адал қарыз алушылар қатарына жатқызады.

"Мен бірнеше рет кредит алдым. Оларды өтемейінше, тыныштық таппаймын", – деді ол.