Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық маусымының басталуына байланысты Мекке әл-Мукаррама өңірінде бірқатар маңызды шектеу мен талап күшіне енетінін ескертті, деп хабарлайды astana24.com ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке әл-Мукаррама өңірлік филиалы қажылық маусымына байланысты бірқатар маңызды шектеу мен талапты жариялады.
Қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықты тыныш әрі тәртіпке сай өткізу мақсатында енгізіліп отыр. Негізгі талаптар:
Бұл талаптарды бұзғандар Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
Сауд Арабиясының құзырлы органдары барлық азаматты соның ішінде шетелдік азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақырады.
