22 сәуірде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн бұлтты, алайда жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,6 м/с.
Астанада да күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріліп, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,1 м/с.
Шымкентте бүгін аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,9 м/с.
