in

Жаңбыр, бұршақ жауып, үсік жүреді: демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне яғни 2-4 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидрмоет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Кезең бойы еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, ал 4 мамырда солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Кезең бойы республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: батыста +17…+32°С-қа дейін, солтүстік-батыста +15…+30°С-қа дейін, солтүстікте +15…+23°С-қа дейін, орталықта +17…+27°С-қа дейін.