in

Сенбіде Қазақстанның екі мегаполисінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Астана, Алматы мен Шымкентте 2 мамырда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріліп, түнде 14 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с болмақ.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін жетіп, түнде 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,8 м/с болады.

Шымкентте де бүгін жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 20 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с деңгейінде болмақ.