in

Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдардың сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырда кешкісін Қытайдың Хуанань провинциясындағы фейерверктер шығартын зауытта жарылыс болып, кем дегенде 21 адам қаза тапты. Сондай-ақ 61 адам жарақат алды.