in

Нөсер, қатты жел: құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады

Алматылық құтқарушылар 11 мамырда қалада жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтілуіне байланысты тұрғындарды тауға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды astana24.com ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, 11 мамырда Алматыда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта секундына 15-18 метрге дейін жетуі мүмкін.

Іле Алатауының таулы аймақтарында, оның ішінде Ақсай және Үлкен Алматы өзендері алаптарының аумақтарында 11 мамырда жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетеді.

"Алматы қаласының ТЖД тұрғындар мен қала қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауды және дауылды ескерту кезеңінде тауға шығудан бас тартуды ұсынады.

Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты тауға шығуды кейінге қалдыру ұсынылады.

Қатты жел кезінде тұрғындарға автокөліктерін ағаштардың астына қалдырмаңыз", – делінген ескерту мәтінінде.

Сондай-ақ ТЖД өкілдері екпінді жел күшейген кезде: