in

Еліміздің мектептерінде қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді

Еліміздің мектептерінде 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді, деп хабарлайды astana24.com Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді.

Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17–18 маусым аралығында өтеді.

Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.