Астана-Шымкент рейсінің жолаушылары ұшақ кешігіп жатқанына шағымданды. Олардың айтуынша, рейc бірнеше рет кейінге шегерілген. Әуе компаниясы ұшақ құстарға соқтығысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana24.com.
Астана әуежайында түсірілген видеоны Threads-те hamster.9343557 атымен тіркелген азамат жариялады.
"2026 жылғы 23 мамыр, Астана-Шымкент рейсі. Ұшақтың қозғалтқышы ұшу алдында жөнделіп жатыр. Рейс сағат 19:40-тан 20:30-ға, артынша сағат 22:30-ға ауыстырылды. Адамдар күтіп тұр. Нақты жауаптар да, борт та жоқ. Бортты ауыстыру жоспарланып отырған жоқ, 100 адам қозғалтқыштың жөнделгенін күтіп отыр.
Адамдар шу шығарып, бұл бортқа отырудан бас тартып, билеттері үшін ақшаларын қайтарып алмай жатыр", – делінген жазбада.
Посмотреть в Threads
FlyArystan компаниясының мәліметі бойынша, 2026 жылғы 23 мамырда Астанадан Шымкентке ұшатын FS 7309 рейсі құстарға соқтығысқандықтан кешіктірілген.
"Ұшақты әрі қарай пайдалануға рұқсат ету үшін келтірілген залал бағаланып жатыр. Гейттегі жолаушыларға су берілді, сонымен қатар тамақ та берілетін болады.
Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі FlyArystan үшін басты басымдық болып қала береді", – деп түсіндірді әуе компаниясы.
