in

Еңбек министрі Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне өзгеріс енгізілетінін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифингте Қазақстанның зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді – үш жаңа реформа қарастырылуда, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Еңбек министрі Асқарбек Ертаев Қазақстандағы зейнетақы жүйесі өзгеріске ұшырайтынын айтты.

"Иә, ол (зейнетақы жүйесі – автордың ескертпесі) қайта қаралады, нұсқау бар. Қазіргі уақытта жұмыс тобының құрамында үш жобаны қарастырып жатырмыз.

Екі қордан ұсыныс бар: БЖЗҚ 4+1 жобасын, ал Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры сақтандыру зейнетақысын ұсынуда. Сенат депутатының да ұсынысы бар: егер азамат 40 жыл жұмыс істесе, ол зейнетке шыға алады", – деді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев.

Министрдің айтуынша, осы үш жобаның қайсысы қарастырылатыны айдың аяғына дейін жарияланады.