in

Бүгін Астана мен Алматыда жаңбыр күтіледі

12 маусымда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,0 м/с.

Астанада да өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтерілсе, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,7 м/с.

Шымкентте бүгін күн ала бұлтты, күндіз 32 градусқа дейін ыстық болады, ал түнде термометр бағанасы 19 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 4,2 м/с.