Ертең, 2026 жылғы 15 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болуы ықтимал. Осыған байланысты "Қазгидромет" РМК синоптиктері ескерту жасады, деп хабарлайды astana24.com.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше және жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаевта күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 15 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
