Treads әлеуметтік желісінде АҚШ-та қазақстандық азамат – 24 жастағы ер адам жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Туыстары қандай да бір ақпарат білетіндерге үндеу жасады, деп хабарлайды astana24.com.
Әлеуметтік желіде @bostonglobe2 нигімен тіркелген пайдаланушы АҚШ-та қазақ жігіті жоғалып кеткенін жазды.
"Қазақстан азаматы Әсет Құралбай жоғалып кетті. Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрады. Соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бері телефоны қолжетімсіз. Үйде балалары мен банк карталары қалған.
10 маусымда полиция оның Toyota Camry (DP 86722) көлігін тапқан, алайда Әсеттің қайда екені әлі де белгісіз.
Егер кімде-кім оны көрсе немесе қандай да бір ақпарат білсе, хабарлаңыздар", – деп жазды ол.
