in

Футболдан ӘЧ-2026: автогол Бельгияны жеңілістен құтқарды

Үш елде өтіп жатқан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы кездесуде Бельгия мен Мысыр құрамалары жеңімпазды анықтай алмады, деп хабарлайды astana24.com.

G тобындағы алғашқы ойын АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы "Люмен Филд" стадионында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.

Мысырлықтар шабуылшы Мохамед Салахтың пасынан кейін айып алаңының сыртынан дәл соққы бағыттаған жартылай қорғаушы Эмам Ашурдың (19-минутта) голының арқасында алға шықты.

Ал бельгиялықтар матчтың 66-минутында қорғаушы Мохамед Хани допты өз қақпасына соғып алғаннан кейін (автогол) есепті теңестірді.

Тең ойынның арқасында екі команда да бір-бір ұпайдан жинады. G тобында бұл командалардан бөлек, Жаңа Зеландия мен Иран бар.

Айта кетейік, плей-офф кезеңіне 12 топтың әрқайсысынан екі мықты команда өтеді.

Сондай-ақ өз топтарында үшінші орын алған құрамалардың ішінен ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз команда 1/16 финалға жолдама алады.