Норвегия құрамасы АҚШ, Канада және Мексика бірге қабылдап жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
I тобының бірінші турында Норвегия құрамасы Иракпен кездесті. Матч АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы "Джиллетт" стадионында өтті. Есеп – 4:1.
Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд екі гол соқты (29 және 43 минуттар). Оның алғашқы голына қорғаушы Дэвид Мёллер Вульф ассист жасады. Қорғаушы Лео Эстигор да гол салды (76).
Ирак шабуылшысы Аймен Хуссейн (39) Норвегия қақпасынан саңлау тапқан жалғыз голдың авторы атанды. Оған сәтті пас берген – жартылай қорғаушы Амир Әл-Аммари. Соңғы гол Хуссейннің автоголы (90+6) болды.
Бұл жеңіс Норвегияға үш ұпай әкелді.
12 топтың әрқайсысынан алғашқы екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Үшінші орын алған сегіз үздік команда да 1/16 финалға жолдама алады.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал @sportnurkz . Здесь вы найдете все самые свежие новости спорта.
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз @sportnurkz. Мұнда сіз барлық соңғы спорт жаңалықтарын таба аласыз.
