Мысыр құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Жаңа Зеландияны ұтты, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Ванкувердегі "Би-Си Плейс"стадионында өткен H тобындағы екінші тур ойыны 3:1 есебімен аяқталды.
Бірінші таймда Жаңа Зеландия құрамасы қорғаушы Финн Серманның (15-минут) голымен алға шықты. Үзілістен кейін Мысыр үш гол соқты, гол авторлары – шабуылшылар Мұхамед Зико (59), Мұхамед Салах (67) және Трезеге (82).
Мысырдың алғашқы жеңісі командаға төрт ұпай жинауға мүмкіндік берді, сөйтіп олар топта көш бастады. Жаңа Зеландия бір ұпаймен кестенің соңында тұр. Бельгия мен Иранда екі ұпайдан бар.
12 топтың әрқайсысынан үздік екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Үшінші орын алған сегіз үздік команда да 1/16 финалға өтеді.
