in

Түркістан облысында жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен босатылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы жұмыс уақытында құмар ойындар ойнаған мемлекеттік қызметкерлерді анықтады. Салдарынан 4 қызметкер лауазымынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңнама талаптарын, қызметтік тәртіпті және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулерді сақтауына талдау жүргізді. 

Талдау нәтижесінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысу фактілері анықталды.

"Аталған әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидаттарына, қызметтік әдеп талаптарына қайшы келеді және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде мемлекеттік органдардың 4 қызметкері атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", – деп хабарлады Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.