in

Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болды (видео)

Венесуэла жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, олардың нақты саны әлі белгісіз. Сондай-ақ нысындар қираған.

РБК агенттігінің NOAA/NWS цунамиден ескерту жөніндегі Тынық мұхит орталығының деректеріне сілтеме жасап жазуынша, жер сілкінісі Атлантика уақыты бойынша сағат 18:05 -те болған, оның ошағы 10 км тереңдікте орналасқан.

Орталық жағалаулар мен жағажайларда, порттар мен жағалау маңындағы суларда теңіз деңгейінің ауытқуы және қатты ағыстар болуы мүмкін екенін ескертті.

Жер сілкінісінен кейін Пуэрто-Рико, АҚШ және Ұлыбританияның Виргин аралдарында цунами қаупі туралы ескерту жарияланған.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, АҚШ Ұлттық геологиялық қызметінің деректеріне сәйкес, Латын Америкасы еліндегі жер сілкінісінің магнитудасы 7,2 болған. Одан кейін магнитудасы 7,5-ке тең екінші жерасты дүмпулері тіркелген.

Басылымның жазуынша, жер сілкінісі салдарынан Каракастағы Симон Боливар атындағы халықаралық әуежай зақымдалған болуы мүмкін, желі қолданушылары қираған нысандардың видеоларын бөлісіп жатыр.

Сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары Венесуэланың түрлі аудандарындағы жер сілкінісінің салдары көрсетілген фото, видеоларды жариялады. Онда кейбір ғимараттардың зақымдалғанын, қабырғалардың құлағанын және аспандағы шаң-тозаңды байқауға болады.

Сонымен қатар басылым тілшісі қираған үйдің жанынан зардап шеккен бір адамды зембілмен әкетіп бара жатқанына куә болған.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Венесуэладағы жер сілкінісінен келетін экономикалық шығын елдің жалпы ішкі өнімінің 2-ден 20 пайызына дейін жетуі мүмкін.