in

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға БАӘ-ге сапар шекпеуге кеңес берді

Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақтағанша БАӘ-ге бармауға кеңес берді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

"Біз осы аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ықпал ететін өзара қолайлы шешімдер тезірек қабылданатынынан үміттіміз.

Сонымен қатар жағдай толық тұрақтағанша сақтық танытқан жөн деп санаймыз. Сондықтан азаматтарға аталған аймақ елдеріне маңызды емес сапарлардан мүмкіндігінше бас тартуды ұсынамыз", – деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.