Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан кем дегенде 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған astana24.com.
"Ла-Гуайра штаты беретін мәліметтерді қоспағанда, бізде қаза тапқан 32 адам және мемлекеттік ауруханалар мен жеке медициналық орталықтардың шұғыл көмек көрсету бөлімшелеріне түскен 700-ден астам зардап шегуші туралы дерек бар", – деді халыққа үндеуінде Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, Венесуэла жағалауында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер сілкінісі тіркелген. Олардың эпицентрлері Морон қаласынан 16 шақырым және Сан-Фелипеден 24 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жер сілкінісінен кейін мамандар цунами қаупі туралы ескерту жариялаған.
Табиғи апат салдарынан елдің түрлі аймақтарында бірнеше ғимарат зақымданып, кейбірі толығымен қираған. Мемлекетте төтенше жағдай жарияланды.
Америкалық сейсмологтар қаза тапқандар санының айтарлықтай артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Олардың болжамы бойынша, құрбандар саны 100 000-нан асуы мүмкін.
