Павлодар облысында "Қазавиаспас" АҚ МИ-8 АМТ тікұшағы апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Ведомство дерегінше, 2026 жылғы 24 маусымда Павлодар облысы Заря елді мекенінде МИ-8 АМТ әуе кемесі апатты жағдайда қонған. "Қазавиаспас" АҚ қолданысындағы тікұшақтың тіркеу нөмірі UP- MI872.
Тікұшақ жоғалған адамды іздеу үшін іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында ұшып шыққан.
Тікұшақ бортында 13 адам, оның ішінде экипаждың 5 мүшесі және 8 жолаушы болған.
Оқиға салдарынан қайтыс болғандар тіркелмеген. Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
"ҚР Инвестициялар мен даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығымен бекітілген Әуе апаттары мен оқиғаларын зерттеу және деректерді ұсыну ережелеріне сай, бұл оқиға адам шығыны жоқ әуе апаты ретінде жіктеліп, Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қарауына беріледі. Қазіргі таңда департамент қызметкерлері нақты ақпарат жинау үшін далалық тексеру кезеңін жүргізу бойынша жұмыстарды бастап кетті", – делінген ведомство хабарламасында.
