in

Футболдан әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отырған Кабо-Верде плей-офф кезеңіне шықты

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында өткен матчта Кабо-Верде мен Сауд Арабиясының құрамалары өзара жеңімпазды анықтай алмады. Десе де, әлем біріншілігінде дебют жасаған Кабо-Верде командасы плей-оффқа жолдама алды, деп хабарлайды astana24.com.

H тобындағы қорытынды үшінші тур ойыны АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы "Эн-Ар-Джи" стадионында өтті. Алайда кездесуде есеп ашылмады – 0:0.

Кабо-Верде құрамасы соққы бағыттау жағынан айтарлықтай басым болғанымен (15:7), қақпаға дәл тиген соққылар саны бойынша қарсыласына есе жіберді (2:3).

Осылайша, қатарынан үшінші рет тең ойын өткізген Кабо-Верде командасы үш ұпай жинап, топта екінші орын алды. 1/16 финалда олар трофейдің қазіргі иелері Аргентина құрамасымен кездеседі.

Ал екі ұпай жинаған Сауд Арабиясы құрамасы қосымша көрсеткіштер бойынша Уругвайға жол беріп, төртінші орынды місе тұтты.

Екі команда да 2026 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады.