Канада құрамасы Оңтүстік Африканы жеңіп, тарихта алғаш рет футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты деп, хабарлайды astana24.com.
1/16 финалдың алғашқы ойыны АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы "Соу-Фай" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
Матчтың тағдырын шешкен жалғыз голды жартылай қорғаушы Стефан Эуштакиу соқты.
Осылайша, канадалықтар өз тарихында алғаш рет 1/8 финалға шықты. Олар келесі кезеңде Нидерланд пен Марокко арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
Ал өз тарихында алғаш рет плей-офф кезеңіне дейін жеткен Оңтүстік Африка құрамасы әлем біріншілігіндегі өнер көрсетуін аяқтады.
Айта кетейік, бүгін 29 маусымда сағат 22:00-де Бразилия – Жапония құрамалары кездеседі. Матчты "Qazsport" және "Qazaqstan" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
