in

Бизнес пен әйелдерді қолдауға 50 млн доллар: KMF Банк пен ЕҚҚДБ екі келісімге қол қойды

Еуропа қайта құру және даму банкі мен KMF Банк Қазақстанда микро, шағын және орта бизнесті қолдауға мүмкіндік беретін келісімдерге қол қойды. Сонымен бірге әйелдер кәсіпкерлігіне де ерекше көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды astana24.com.

1 шілдеде Алматыда KMF Банк пен Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанда бизнесті қолдау және дамытудың маңызды бөлігіне айналатын екі келісімге қол қойды. Олар:

Айта кетерлігі, KMF Банк пен ЕҚҚДБ арасында табысты болған ынтымақтастық тәжірибесі бұған дейін де болған. Оның аясында олар бірқатар бірлескен бастаманы, оның ішінде жеңілдетілген қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамытуға арналған білім беру жобалары мен менторлық бағдарламаларды жүзеге асырған.

Бұл жолы KMF Банк алғаш рет ЕҚҚДБ-мен екінші деңгейлі банк ретінде келісімге келді.

"Бүгінгі өзара әрекеттестігіміз жаңа деңгейге көтеріліп жатыр – банк лицензиясын алу KMF Банк пен клиенттерімізге дамудың жаңа кезеңін ашты.

Осы кезең ішінде біз 300 млн АҚШ долларынан астам сомаға қаржы тарттық. Бұл халықаралық серіктестер мен бүкіл қаржы нарығы тарапының бізге деген қалтқысыз сенімінің көрсеткіші, сондай-ақ бизнесті қолдау, заманауи банк өнімдерін енгізу және қаржы қызметтеріне қолжетімділікті арттыру үшін қосымша ресурс болып саналады.

Бизнесті қолдау қашан да KMF Банктің негізгі миссиясы болған және қала береді.

ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастық кәсіпкерлердің, микро, шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты өсу үшін қажетті ресурстарға қолжетімділік аясын кеңейтуге мүмкіндік береді, өңірлердегі бизнесті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, әйелдердің ел экономикасындағы рөлін нығайтады", – деп атап өтті KMF Банк Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо болса, КМF-пен ынтымақтастықта болған 21 жыл ішінде 26 жобаның бірлесе жүзеге асырылғанын атап өтті. Сондай-ақ микроқаржы ұйымының банкке айналып, өзара ынтымақтастықтың жаңа маңызды кезеңінің басталғанын айтты.

"Сіздердің басым бағыт біздікіне сай келеді – шағын және орта бизнеске, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету біз үшін де маңызды. Бірге жеткен жетістіктермен мақтанамыз және болашақта да ынтымақтастығымыз жалғасады деп күтеміз.

Бізге бизнеспен қарым-қатынас орнатқан және жергілікті деңгейде оның басты ерекшеліктерін білетін осындай сенімді серіктестің болуы маңызды. Өз жағымыздан Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосу үшін несие желілері және техникалық көмек түрінде қаржыландыру ұсынуға бек қуаныштымыз", – деді Одиль Рено-Бассо.

Айта кету керек, KMF Банк пен ЕҚҚДБ өзара әрекеттестігі нәтижесінде көптеген кәсіпкер өз бизнесін дамыту және ауқымын кеңейту үшін қаржыландыруға қол жеткізе алады.

Ал "Бизнестегі әйелдер ІІ" бағдарламасы аясында кәсіпкер әйелдер қаржыландырудан бөлек, қаржысын тиімді көбейту үшін қосымша кеңес түріндегі қолдаулар мен ұсыныстар ала алады.

Кәсіпкерлерді қолдау әлі де KMF Банк қызметінің басты бағыты болып қала бермек.

Бүгінде банктің несие портфелінің 90%-нан астамы бизнесті, оның ішінде аграрлық сектор мен әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы жобаларды қаржыландыруға тиесілі. Бұл ретте банктің клиенттер базасындағы әйелдер үлесі 55%-ға тең.

Банк операцияларын жүргізуге ҚНРДА 25.11.2025 жылы берген № 1.1.121 лицензия