Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.
Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.
17 шілдеде президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбына арналып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барған еді.
