in

"Әділет" сайлауға қатысады: ОСК партияның кандидаттарын тіркеді

Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды "Әділет" партиясы.

Партиялық тізімге 186 кандидат кірген. Олардың орташа жасы – 45 жас екені белгілі болып отыр.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, "Әділет" партиясы тіркеген кандидаттардың арасында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және қоғамдық қызмет саласының өкілдері бар.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. "Әділет" партиясы 2026 жылғы 1 маусымда тіркелген.

Айта кетейік, партия Құрылтай депутаттарының сайлауына алғаш рет қатысқалы отыр.