in

Тоқаев Омбыда Путинмен кездеседі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 шілдеде Омбыға барады, деп хабарлайды astana24.com Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілдеде ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барады.

"Іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі жоспарланған", – делінген Ақорда хабарламасында.