Венесуэлада маусымның соңында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны әлі де өсіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Басылымның Венесуэла Ұлттық ассамблеясының спикері Хорхе Родригестің Telegram-арнасындағы деректерге сүйеніп жазуынша, елдегі жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 6 мыңнан асқан.
Оның мәліметінше, зілзала құрбандарының саны 6 125 адамға жеткен. Жер сілкінісінен кейін ауруханаларда 60 992 адам медициналық көмек алған.
Билік өкілдерінің хабарлауынша, мамандар 43 679 тұрғын үйді тексеріп, оның 41 624-іне зақым келгенін анықтаған. Оның ішінде 25 325 үй тұруға жарамды, 9 866 үйді пайдалануға шектеу қойылған, ал 6 433 үй жоғары қауіпті санатқа жатқызылған.
Құжатқа сәйкес, табиғи апаттан зардап шеккендерге қазірдің өзінде 287 жаңа пәтер берілген.
Апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары барысында 346 755 тонна құрылыс қоқысы шығарылған, бұл – биліктің бағалауынша, үйінділердің жалпы көлемінің 16,51 пайызы.
Естеріңізге сала кетейік, маусымда Венесуэла жағалауында магнитудасы 7-ден жоғары жер сілкінісі тіркелген еді.
Кейін қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы алғашқы мәліметтер жарияланды.
Елге әлемнің түкпір-түкпірінен құтқарушылар барды.
